«Жетінші арнаның» жаңа музыкалық интерактивті шоуы
«Жетінші арна» өзінің көрерменін қызықты музыкалық ойын-сауық контентімен таңғалдыруды жалғастырады. «Сәлем, Ұлы Дала» жаңа музыкалық шоуы қазақстандық белгілі продюсер Жан Мұқановтың жаңа төл туындысы, осы жылдағы продюсердің жетістігі ретінде телевизиялық «Тұмар» жүлдесінің «Жылдың ең үздік шарасы» аталымы бойынша жеңімпаз атануы. Жоба «Бізбен бірге болған жақсы» «Жетінші арнаның» ұранымен толықтай сәйкес келеді және белгілі қазақстандық орындаушылардың музыкалық бағдарламасын ұсынады.
Бірінші эфирдің хедлайнері елімізге танымал жұлдыз Айқын Төлепбереген, сонымен қатар бірінші түсірілім кезінде танымал әншілер Дастан Оразбеков, Луина, Ғазизхан Шекербековтың өнерін тамашалай аласыздар. «Сәлем, Ұлы Дала» жобасы барлық Астана қаласының тұрғындарымен қонақтарына танымал «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әр жексенбі сағат 19:00 ден 21:00 аралығында өтетін болады.
Шоу тікелей эфирде көрсетіледі, ойын-сауық орталығының барлық қонақтары шоу көрермені атануына мүмкіндігі бар. Кештің жүргізушілері елімізге танымал жұлдыздар, актер Тауекел Мүсілім және Гүлназ Жоланова. Ал келесі бағдарламаларда біз Қазақстан шоу-бизнесінің жарық жұлдыздары мен жас таланттарын шақыратын боламыз.